Алайда, кейбір өңірлерде бұл көрсеткіш әлі де жоғары болып отыр. Мәселен, Жетісу облысында (100 мың адамға шаққанда 36,5) және Қостанай облысында (100 мың адамға шаққанда 34,1) ана өлімінің деңгейі республикадағы орташа көрсеткіштен үш есе жоғары. Сондай-ақ, Ақтөбе, Алматы және Түркістан облыстарында ана өлімінің негізсіз өсуі байқалған. Министрдің айтуынша, бұл қайғылы жағдайлардың негізгі себептері – экстрагенитальды аурулар және жүктілікке дейінгі дайындықтың жеткіліксіздігі.
Сонымен қатар, 2024 жылы сәби өлімінің көрсеткіші 8,3%-ға төмендегені атап өтілді. Дегенмен, Ұлытау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында нәресте өлімінің жоғары деңгейде қалып отырғаны және өсімге жол берілгені айтылды.