Нұрәлі Әлиев бұл туралы Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Оның сөзінше, акционерлер құрамынан шығу және компанияның сатылуына байланысты, ол директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кету туралы шешім қабылдаған.
«Транстелеком» – Қазақстанның ірі байланыс операторларының бірі, телекоммуникация және IT-қызметтерін ұсынумен айналысады. Forbes деректеріне сәйкес, Unit Telecom арқылы компания акцияларының 75 пайызы Нұрәлі Әлиев пен Дмитрий Покупателевке тиесілі. Ал қалған 25 пайызы «Қазақстан темір жолының» иелігінде. Бұрын компания мемлекеттік меншікке тиесілі болған, бірақ 2015 жылы жекешелендіріліп, 9 миллиард теңгеге сатылғаны хабарланған.