-1 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Нұрлан Мәсімовтің ісі сотқа берілді

Назым Текеспаева
26.12.2022
Жаңалық
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы, полиция генерал-майоры Н. Мәсімовке, оның орынбасары Д. Сиразидимов пен кәсіпкер Е. Евковичке қатысты ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Мәсімов пен Сиразидимов мемлекеттік сатып алуды өткізу және үлестес компаниялармен келісімшарттарға қол қою кезінде қамқорлығы үшін 90,3 млн теңге сомасында пара алып, қару-жарақ сатып алуға арналған 420 млн теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлады деп айыпталды.

22 желтоқсанда Павлодар облысының прокуратурасы айыпталушыларды сотқа берді.

Айта кетсек, Нұрлан Мәсімов 13 шілдеде Шығыс Қазақстан облысынан Ресейге жалған құжаттармен өтпек болған жерінен ұсталған болатын. Оны Антикор ҰҚК шекара қызметімен бірігіп тұтқындады.

Нұрлан Мәсімов – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің немере бауыры. Ол биыл 17 қаңтарда Ішкі істер министрінің бұйрығымен Павлодар облысы ПД бастығы қызметінен босатылған.

Тегтер: Нұрлан Мәсімов

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz