Талдықорғандық белсенді Сандуғаш Дүйсенова әлеуметтік желілерде «Өлке тынысы» ЖШС-нің жалақы мөлшері туралы мәлімет беретін құжатын жариялады (ЖШС құрамына «JETISÝ» мен «Огни Алатау» облыстық газеттері және Alataunews.kz ақпараттық агенттігі кіреді).
Блогер «Jetisý» және «Огни Алатау» журналистерінің жалақысы неге «Өлке тынысы» ЖШС жетекшілеріне қарағанда төмен екенін сұрады. Ол журналист небәрі 100 мың теңге, ал «Өлке тынысы» ЖШС директорының кеңесшісі 400 мың теңге алады деген сауалды алға тартты. «Өлке тынысы» ЖШС бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Келтірілген ақпарат шындыққа жанаспайды, өйткені ол ресми құжаттармен расталмаған», – деп көрсетті компания өз жауабында.
Кәсіпорынның бекітілген штаттық кестесіне сәйкес, 2022 жылдың 4 шілдесінен бастап кеңесші, директордың орынбасары мен шолушы штаттары қысқартылды.
«Қазіргі таңда директор орынбасарларының саны екеу», – делінген жауапта.
Журналистердің жалақысына келер болсақ, корреспонденттерге белгіленген жалақыдан бөлек істеген жұмыс көлеміне сәйкес қосымша қаламақы төленеді. Ал мұндай тәжірибе қазақстандық, сондай-ақ шетелдік көптеген компанияларда бар, бұл әдіс шығармашылық қызметкерлерді қаржылық жағынан ынталандыру үшін қолданылады.