Өзбекстан Республикасы президентінің Қазақстан Республикасындағы жұмыс сапары аяқталды.
Алматы қаласында Шавкат Мирзиёев пен Қасым-Жомарт Тоқаев бейресми кездесу өткізіп, екіжақты, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Мемлекет басшылары «Медеу» тау-шаңғы кластерінің қызметімен танысып, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект көрмесін, сондай-ақ екі елдің көрнекті суретшілерінің кескіндемелік және графикалық жұмыстарын тамашалады.
Алматы қаласының халықаралық әуежайында Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевті Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шығарып салды.
Өзбекстан басшысы Ташкент қаласына аттанды.