Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Олжас Бектенов бизнесмендерге маңызды үндеу жолдады

Бүгін премьер-министр Олжас Бектенов вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринмен және қаржы министрі Мәди Такиевпен жұмыс кеңесін өткізген, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.02.2025
Жаңалықтар

Премьер-министр Олжас Бектенов вице-премьер-ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринмен және қаржы министрі Мәди Такиевпен бірге жұмыс кеңесін өткізді. Кеңесте салық-бюджет реформасы және салық түсімдерін бақылауды күшейту мәселелері қаралған.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, бүгінде елімізде 2,3 млн салық төлеуші тіркелген. Оның 8%-ы немесе 137 мыңы ғана — ҚҚС төлеушілер. Жалпы субъектілер санының 81%-ы оңайлатылған декларацияны пайдалана отырып, арнайы салық режимінде жұмыс істейді, ал олардың 85%-ы 15 млн теңгеге дейінгі кірісті көрсетеді.

Қаржы министрі Мәди Такиев жүргізілген талдау шеңберінде салық төлеушілер шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында бұрын енгізілген арнайы салық режимдерін (СРП) пайдаланғаны анықталғанын баяндады.

«Арнайы салық режимдерін қолданатын субъектілердің жалпыға бірдей белгіленген режимде жұмыс істейтін компаниялармен өзара есеп айырысуына талдау жасадық. Талдауда мұндай режимдер арасындағы өзара есеп айырысу былтыр 2 есеге, 5 трлн-нан 10 трлн теңгеге дейін өскенін көрсетті. Бұл ретте арнайы салық режимдері бойынша 16 трлн теңгенің жалпы айналымынан жалпыға бірдей белгіленген режиммен өзара есеп айырысу 10 трлн теңге болды. Яғни жүздеген миллиард теңге табыс тауып, салық төлеушілер аз ғана салық төлейді»,  — деген Мәди Такиев.

Министрдің сөзінше, салықтарды оңтайландыру және пайданы азайту үшін компаниялар құжат шығынын арттыру принципін ұстанады.

«Бір компания тауарларды сатып алады және оны оңтайландырылған режимде жұмыс істейтін басқа заңды тұлғаға өзіндік құны бойынша қайта сатады. Нәтижесінде бірінші компания шығынды көрсетсе, ал екіншісі жеңілдік шарттарын пайдалана отырып, ҚҚС төлеуден жалтарып отыр», — деді ол.

Тегтер: Басты жаңалықтаркәсіпкерүкімет

Соңғы жаңалықтар

«Ұлттық қор – балаларға»: үш жылда 7 миллион балаға 2,5 млрд доллардан астам қаржы аударылды

Қорлан Нұрланқызы
13.03.2026

Алатау қаласында екі жаңа автобус маршруты іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
13.03.2026

Қазгидромет 13 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады

Қорлан Нұрланқызы
13.03.2026

Қонаев қаласында референдумды қолдау мақсатында дрон-шоу өтті

Мөлдір Иманмади
12.03.2026

«Таза Қазақстан – таза болашақ кепілі!» атты жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шара Қонаев қаласында өтті

Мөлдір Иманмади
12.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz