Тараптар Қызылорда облысының Арал өңіріндегі литий гидроминералды шикізатының ресурстық әлеуетін бағалауы тиіс*. 2024 жылдың қазан айында 250 сынама алынып, зертханаға талдау үшін жіберілді. Нәтижелер осы жылдың наурыз айында алынады.
Министрлік Қазақстанда литий карбонаты немесе гидроксиді өндірісін жолға қою мүмкіндігі туралы да пікір білдірді. Ведомствоның ақпараты бойынша, осы бағыттағы мәселені шешу үшін экономикалық негізділікті айқындай отырып, мұқият талдау жүргізу қажет. Ағымдағы геологиялық деректер мұны толығымен жасауға мүмкіндік бермейді.
Бұған дейін өнеркәсіп министрі Қанат Шарлапаев Корея тарапы Қазақстанда электр батареяларында қолданылатын литий карбонатын өндіру нұсқасын қарастырып жатқанын айтқан болатын.