Оқушылар білім ұясына келген бойда олардың дене қызуы термометрмен өлшенеді. Дезинфекциялық тазалау жұмыстары күшейтіледі. Сыныптың ауасы жиі тазартылып тұрады. Яғни былтырғы карантин талаптары сақталады. Егер оқушылардың 30%-ы індет жұқтырса онда мектеп карантинге жабылады.
«Естеріңізде болса, былтыр жыл бойы балалар офлайн, яғни қашықтан оқыды. Біз осылайша омикрон өршіп тұрған кезеңді еңсердік. Әсіресе қаңтар айында тәулігіне 17 мыңға дейін науқас тіркелді. Ал ел бойынша 150 мың адам ем қабылдаған болатын», – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова.
Жаңа оқу жылында мектепте өтетін көпшілік шараларға тыйым салынады.