2024 жылғы 18 қыркүйекте Білім министрінің бұйрығымен орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтар мен мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік кешендеріне қойылатын талаптарға өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды alataunews.kz.
Жаңартуларға сәйкес, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге қойылатын талаптарға бірқатар қосымша ережелер енгізілді. Олардың ішінде түсінікті интерфейс, кері байланыс және бақылау құралдары, мультимедиялық мазмұн, интерактивті тапсырмалар, гиперсілтемелермен қамтамасыз ету, ақпараттың мобильді құрылғылар мен әртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс істеуі, қауіпсіздік пен дербес мәліметтерді қорғау, веб-браузер арқылы мәтін іздеу мүмкіндігі және геймификация элементтері бар.
Сонымен қатар, жаратылыстану пәндері бойынша виртуалды зертханасы бар дидактикалық материалдардың болуына да ерекше назар аударылған.
Бұйрық 2024 жылғы 7 қазанда күшіне енеді.