Елемесовтің айтуынша, қылмыстық іс аяқталған, қазіргі уақытта процестің қатысушылары іспен танысу кезеңінде.
«Тергеу барысында залал сомасы бойынша түрлі деректер айтылды. Қазір біз 3,5 миллиард теңгемөлшерінде залалды нақтыладық», – деді ол.
Сонымен қатар, Елемесов қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру деректеріне де тоқталды. Тергеу мәліметінше, Перизат Қайрат бұл қаражаттың бір бөлігін гүл дүкенін сатып алуға жұмсап, өзін бизнес-леди ретінде көрсеткен.
Журналистердің тәркіленген мүліктің тағдыры туралы сұрағына Елемесов:
«Бұл мүліктің болашақта қайда жұмсалатынын сот шешеді. Яғни, не жәбірленушілерге шығынды өтеу үшін, не мемлекеттің кірісіне берілуі мүмкін. Сот шешіміне қарай тиісті шешімдер қабылданады», – деп жауап берді.
Қазіргі таңда қоғамның қызу талқысына түскен бұл іске қатысты барлық тергеу амалдары аяқталып, іс енді соттың қарауына ұсынылуға жақын.
Фото: instagram.com/01pk