Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент айтқан жаңа ипотекалық бағдарламамен кімдер үй ала алатыны белгілі болды

Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтайда айтқан ауыл және аудан орталығының тұрғындарына арналған жаңа ипотекалық бағдарлама мамырда басталады. Бағдарлама бойынша әлеуметтік осал санаттағы азаматтар 7 пайыздық мөлшерлемемен баспаналы бола алады, деп хабарлайды alataunews.kz "Krisha.kz" сілтеме жасап.

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2024
Жаңалықтар, Қоғам

7 пайыздық жеңілдетілген тұрғын үй несиесін алуға мүмкіндік көп балалы отбасылар, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі жандарға беріледі. Ал басқаларға мөлшерлеме — 9 пайыз. Сонымен, барлығы 12 мың қазақстандық биыл «Отбасы» банктен 300 миллиард теңге сомасына ипотекалық қарыз ала алады.

Мамырда басталатын жаңа ипотекалық бағдарламаға қатысатындар:

жұмыс істейтін жастар;
жас отбасылар;
тұрғын үй төлемдерін алушылар;
банк салымшылары;
моноқалалардың, аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендердің тұрғындары;
ақша жинау бойынша міндеттемесі жоқ тұрғын үй кезегінде тұрғандар.
Алматы мен Астанадан баспана сатып алу үшін берілетін несиенің ең көп сомасы — 30 миллион теңге. Ал қалған өңірлер үшін — 18 миллион теңге.

Астана, Алматы, Шымкент және 17 қала-облыс орталықтарында бастапқы тұрғын үй сатып алуға болады. Олар: Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Қонаев, Павлодар, Петропавл, Семей, Жезқазған, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен.

Ал барлық басқа елді мекендерде бастапқы, қайталама, оның ішінде жеке үй болсын, кез келген тұрғын үй сатып алуға рұқсат етіледі.

«Бірінші жылы жаңа бағдарлама есебінен қосымша 12 мың баспанаға мұқтаж отбасын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Жалпы биыл рекордтық 18 млн шаршы метр тұрғын үй салынады, бұл бұрынғы жоспарланған жылдық көрсеткіштен 2,5 млн шаршы метрге артық», — делінген премьер-министрдің ресми сайтына жарияланған хабарламада.

Тегтер: бағдарламабаспанақалахалық

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған жұлдыздар матчы өтті

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Air Astana БАӘ-де қалған қазақстандықтарды елге жеткізу үшін арнайы рейстер ұйымдастырады

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

10 наурыз: Алматы облысында қолайсыз ауа райы күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz