«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі композитор, «Отырар сазы» ұлт аспаптары академиялық оркестрінің негізін қалаушы Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиеваның дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты», — делінген Ақорда хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, 11 наурызда атақты күйші, композитор, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің жары, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, талантты актриса Дариға Тілендиеваның өмірден өткен болатын.