Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Лю Гочжунды қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Лю Гочжунды қабылдады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
16.05.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Әңгімелесу барысында қазақ-қытай стратегиялық серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары, сондай-ақ бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қол жеткізген уағдаластықтарды екі ел үкіметтерінің іске асыру барысы талқыланды, — делінген Ақорданың ресми сайтында.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан Қытайдың сенімді серіктесі және солай болып қала береді. Сонымен қатар ҚХР-мен екіжақты қарым-қатынасты мүлде жаңа деңгейге көтеру еліміз үшін маңызды басымдық саналады.

– Қазақcтан мен Қытайдың жан-жақты стратегиялық серіктестігі мен мәңгілік достығы ұдайы дамып келеді. Біз болашаққа сеніммен қараймыз. Мұны ерекше атап өту керек. Екіжақты сауда-саттықтың көлемі бойынша көш бастап тұрған Қытай – Қазақстанның жетекші сауда-экономикалық серіктесі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 40 миллиард долларға жетті. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Біз мұны 100 миллиард долларға дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Бұл мақсатқа қол жеткізуге болады, – деді Мемлекет басшысы.
Тегтер: Басты жаңалықтарҚазақстан мен ҚытайЛю Гочжунмемлекет басшысыМемлекеттік кеңесТоқаев

Соңғы жаңалықтар

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысы тұрғындарына үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
11.03.2026

Қонаевта 12 наурыз күні дрон-шоу өтеді

Қорлан Нұрланқызы
11.03.2026

Қазақстанда Наурыз қарсаңында ауқымды “Nauryz Sale” акциясы өтеді

Қорлан Нұрланқызы
11.03.2026

Алматы облысында жастар жаңа Конституция жобасын қолдады

Қорлан Нұрланқызы
11.03.2026

Алматы облысында бірнеше күн электр жарығы өшуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
11.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz