-6 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Ақпан 1, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Президент сайлауы: дауыс беру күнінде мүмкіндігі шектеулі жандарға инватакси қызмет көрсетеді

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы жанынан құрылған мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Ғалия Мұхамбетқызы
31.10.2022
Жаңалық
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Жиында 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауында мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруі үшін қолайлы жағдай жасау мәселесі қаралды.

«Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының ережесін және жұмыс тобының жаңа құрамын бекіттік. Жұмыс тобының құрамына 19 адам, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар қоғамдық бірлесіктерінің 17-і өкілі кірді», – деп атап өтті отырысты ашқан ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Осыдан кейін ҚР ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова жергілікті атқарушы органдар ұсынған деректерге сәйкес, сайлау учаскелерінің 92 пайызы пандустармен, 82,3 пайызы ғимаратқа кіре берістегі тактильді белгімен қамтамасыз етілгенін атап өтті. Сонымен қатар дауыс беру күнінде 253 учаскеге пандус, 525 учаскеге кіре берістегі тактильді белгі орнатылатындығын айтты.

«Учаскелердің 95,2 пайызында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнаулы бұрыш жабдықтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар учаскелердің 94,1 пайызында кабиналарды мүегедектік арбасымен жүретін азаматтарға қолжетімді қылып жабдықтау көзделіп отыр. Дауыс беретін күні инватакси қызметі жұмылдырылатын болады», – деді ол.

Тегтер: президент сайлауы 2022

Ұсынымдар

Түрмеге нанның арасына телефон жасырып өткізбек болған әйелдің әрекеті әшкере болды

01.02.2023

Алматы облысында «Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай кеңес өтті

01.02.2023

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды қабылдады

01.02.2023
Фото: Аслан Қажеке

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында Нидерланды технологиясы енгізілмекші

01.02.2023

Алматы облысында апатты жағдайдағы су қоймалары жоқ – ТЖД

01.02.2023

«Subaru» автокөлігі Қапшағайда мұз астына түсіп кетті

01.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz