«Қозғалған қылмыстық іс бойынша, 14,5 млрд теңге шығын қайтарылды. Одан бөлек, ол өз еркімен 120 млрд теңге соманы қайтарды. Барлығы 134,5 млрд теңге. Қылмыстық іс аяқталған жоқ. Әлі де тексеріліп жатыр. Мүмкін тағы да қайтарулар болып қалар», — деп атап өтті.
Сонымен қатар, ол білім беру қорына 30 миллиардқа жуық ақша аударды.
Еске салсақ, Боранбаевті QazaqGaz ұлттық компаниясының газын сату кезігде 14,6 миллиард теңге жымқырғаны үшін ұсталған болатын. Кәсіпкерді 6 жылға бас бостандығынан айырды. Бірақ қамауда отырғанда жақсы қырынан көрінгені үшін, түзету мекемесінің әкімшілігі сәйкес құжттарды ұсынып, оның мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды.
Фото: ktk.kz