«Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,8% ұлғайды. Жетісу облысынан басқа барлық өңірлерде оң өсу тіркелді, әсіресе құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең көп өсуі Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе, Абай және Қызылорда облыстарында байқалды», – деді министр Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, қаңтар-ақпанда 2,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген және бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,2% жоғары.
«Тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары көрсеткіштері Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау және Атырау облыстарында байқалды», – деді ол.