Алматы: Түрксіб ауданында қару жасырылған орын табылды. Онда 3 шолақ мылтық, 3 тапанша, 4 граната, шамамен 50 патрон және Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған карабин тәркіленді.
Тараз: Екі шолақ мылтық және ұрланған жауынгерлік арбалет табылды.
Ақтөбе: ТОЗ винтовкасы, 56 патрон және Ф-1 гранатасы тәркіленді.
Алматы облысы: Екі қару, РГД-5 гранатасы, 20 патрон, сондай-ақ екі Макаров тапаншасы табылды.
Талдықорған: Жергілікті тұрғынның көлігінен бес травматикалық тапанша тәркіленді.
Тергеу жалғасып жатыр.