Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қаңтарда қияр мен пияз айтарлықтай қымбаттады

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімет таратты.

01.02.2023
Жаңалықтар

Бір айлық мәнде тұтыну бағаларының индексі 2023 жылғы қаңтарда 1,1% құрады. Өткен айда азық-түлік тауарлары – 1,4%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,9%, ақылы қызметтер 0,7% өсті.

Азық-түлік тауарлары арасында көкөніс бағасы айтарлықтай өскен, қаңтарда қияр – 22,4%, пияз – 16,7%, қызанақ – 8,8%, тәтті бұрыш — 6,5% қымбаттады.

Бағаның өсуі күрішке – 2,9%, ұнтақ жармасына, жаңа ауланған, салқындатылған балыққа – 1,8%-дан, қара бидай, бидай нанына, жұмыртқаға – 1,7%-дан, сұлы жармасына, шошқа етіне, айранға – әрқайсысына 1,6%-дан, сондай-ақ тауықтың төс етіне, сүтке, тұзды iрiмшiкке, жемістерге, ауыз суға да әрқайсысына 1,4%-дан тіркелді.

Құмшекер 1,9% арзандады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде қаңтарда бағаның ең көп өсімі жуу және тазалау құралдарына байқалды. Мәселен, өткен аймен салыстырғанда кір жуғыш ұнтақ – 3,9%, ағартқыштар – 3,5%, ыдыс жууға арналған құралдар – 3%, кір сабын 2,7% өсті. Тұрмыстық техника бағасы, керісінше түсті, мәселен, шаңсорғыш – 1,6%, қысқа толқынды пеш – 1,3%, ас үй плитасы 1,1% арзандады.

Өткен айда ақылы қызметтердің бағасы 0,7% өсті. Баға өсімі нотариус қызметтеріне – 12,6%, күндізгі стационарда емделу – 5,2%, жерлеу бойынша ритуалды қызметке – 4,7%, стоматологиялық қызметтерге 2,5% байқалды. Коммуналдық қызметтер бойынша қоқыс шығару тарифтері – 2,8%, тұрғын үйді күтіп ұстауға жұмсалған төлем – 1%, орталықтан жылыту 0,8% өсті, ал тарифтің төмендеуі – су бұру қызметіне байқалды – 0,2%.

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Ақтөбе облысында – 1,7% (орташа республикалық деңгейден 0,6 п.т. жоғары), ең төменгі – 0,7% Алматы облысында тіркелді.

Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларына ең жоғары өсім Астана және Шымкент қалаларында – әрқайсысы 2,2%-дан, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша – Абай және Солтүстік Қазақстан облыстарында әрбіреуінде 1,4%-дан, ақылы қызметтер бойынша ең жоғары өсім Ақтөбе облысында – 2,8%.

2023 жылғы қаңтарда жылдық мәнде инфляция деңгейі 20,7% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 25,7%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 20,2%, ақылы қызметтер 14,2% өсті. 2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда кір сабын – 88,5%, кеңсе тауарлары – 71,4%, пияз – 62,4%, қант – 60,9%, қияр – 55,6%, консервіленген сүт – 46,4%, ұн – 42,8%, макарон өнімдері 42,3% қымбаттады. Жылдық мәнде, керісінше, ақ қырыққабат арзандады – 26,5%.

Тегтер: азық-түлікҚазақстанқымбатшылық

Соңғы жаңалықтар

Референдум: Алматы облысында дауыс беру учаскесін қалай білуге болады

Қорлан Нұрланқызы
11.03.2026

Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған жұлдыздар матчы өтті

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Air Astana БАӘ-де қалған қазақстандықтарды елге жеткізу үшін арнайы рейстер ұйымдастырады

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz