Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қарақат Әбден Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды

Қазақстан Республикасы президенттігіне «Ұлттық альянс» қоғамдық ұйымынан Қарақат Әбден кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

08.10.2022
Жаңалықтар

Бүгін Астана қаласында «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жалпы жиыны өткен.

«Шара барысында «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» РҚБ-ның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу және ілгерілету, сондай-ақ республикалық деңгейде азаматтардың осал топтарының мәселелерін жеткізу және мүдделерін қорғау мақсатында Әбден Қарақат Жақсылыққызы Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауына президенттікке кандидат ретінде ұсынылды», — делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, Қарақат Әбден 1974 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

Ол — белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан президенті жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Астана қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, елорданың қоғамдық кеңесінің мүшесі және 4 баланың анасы.

Мемлекеттік лауазымдарда оның ішінде Салық комитетінің орталық аппаратында, Қазақстан президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қызмет еткен.

Астана қаласы мәслихатының VI шақырылымының депутаты.

Сәбилер үйі мен Балалар үйінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі, балалар үйінің 15 тәрбиеленушісінің менторы және тәлімгері.

Тегтер: кандидатҚарақат Әбденпрезидент сайлауы 2022

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz