«Бүгін түнде ардақты әкем, қазақстандық балалар хирургиясының негізін қалаушысы — академик Камал Ормантаев өмірден озды», — деді ұлы Жарас Ормантаев.
Жоғары білікті балалар хирургі 24 мыңға жуық күрделі ота жасаған. Дәрігер II дәрежелі «Достық», III дәрежелі «Барыс» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.