Бұл туралы Астанада өткен Халықаралық тау-кен металлургия конгресінде өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан мәлімдеді.
Сарапшылардың айтуынша, соңғы он жылда елімізде алтын өндіру көлемі 2,2 есеге артқан. Нәтижесінде, тазартылған алтын өндірісі де екі есеге ұлғайып отыр. Осы жетістіктер Қазақстанды әлемдік алтын қорының көшбасшы елдері қатарына шығарды.
«Бұл көрсеткіштер елімізге 420 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартуға мүмкіндік берді», – деді вице-министр.
Сондай-ақ, ол 2026 жылға қарай геологиялық барлау жұмыстары жүргізілетін аумақты 1,9 миллион шаршы шақырымнан 2,2 миллион шаршы шақырымға дейін ұлғайту көзделіп отырғанын атап өтті.
Дүниежүзілік алтын кеңесінің мәліметінше, 2025 жылы әлем бойынша ең ірі алтын қорына ие алғашқы үш ел мыналар болмақ:
-
АҚШ – 8,13 мың тонна;
-
Германия – 3,35 мың тонна;
-
Италия – 2,45 мың тонна.