-2 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Қазақстан мен Украинаның арнайы операциясы: 32 адам ұсталды

Қазақстан мен украинаның киберполицейлері алаяқтардың Call-орталығын жойды, деп хабарлады Polisia.kz.

Айжан Умбеткали
30.12.2022
Жаңалық
Фото: polisia.kz

Фото: polisia.kz

WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Қазақстан Республикасы ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының қызметкерлері Украина Ұлттық полициясымен бірлескен жедел іс-шараларды өткізу кезінде Днепр қаласындағы алаяқтардың Сall-орталығын жойды. Қазақстан азаматтарына қатысты интернет-алаяқтықпен айналысатын трансұлттық қылмыстық топтың ұйымдастырушылары мен мүшелері анықталды. Олар Қазақстан азаматтарына телефон соғып, өздерін банктердің, құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, күдікті транзакциялар туралы хабарлап, белгісіз тұлғалар олардың есепшоттарына қол жеткізді және транзакцияларды тоқтатамыз деген желеумен клиенттерді қаржылық мәліметтерді беруге көндіріп, онлайн-несиелер алдырған. Мұндай ақпаратты алған шабуылшылар жәбірленушілердің ақшасын қылмыскерлердің есепшоттарына аударған. Қылмыстық топты ұйымдастырушылар алаяқтықпен айналысқан байланыс орталығы операторларын ынталандырып, өсімақы төлеп отырған», – деді ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай.

Қылмыскерлер банктік шоттарды, сондай-ақ оффшорлық шоттар мен криптовалюта әмияндарын пайдаланған. Ұрланған ақшаны сол арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.

«Бұл ретте Украина тарапы күдіктілердің Днепропетровск облысындағы 13 тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізді. Жедел-іздестіру шаралары барысында 45 компьютерлік техника, 24 ұялы телефон, sim-карта және басқа да заттай айғақтар тәркіленді. Тәркіленген компьютерлерде қоңырау шалу кезінде абоненттік нөмірлерді ауыстыруға арналған бағдарламалық жасақтама бар екені анықталды. Осы бағдарламалардың журнал файлдарын қарау кезінде қазақстандық абоненттерге соғылған алаяқтық қоңыраулар анықталды. Сондай-ақ тәркіленген техниканы тексеру барысында Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке деректері және ҚР Ұлттық банкінің эмблемасы бар деректер табылды. Бұл ақпаратты алаяқтар өздерінің шоттарынан ақша жымқыру үшін форд-қоңырау шалу үшін пайдаланған», – дейді спикер.

Арнайы операция барысында қылмыстық топтың мүшелері – 32 Украин азаматы ұсталды. Call-орталығы 40 адамнан құралған. Қазіргі уақытта Украина тарапы қазақстандық киберполицияның көмегі арқылы тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Олар құқыққа қайшы қызметтің мән-жайларын, қосымша эпизодтарын, ықтимал қатысушыларын анықтап жатыр. Сондай-ақ осы қылмыстық топтың Қазақстан азаматтарына келтірген залалы да анықталып жатыр.

Тегтер: арнайы операцияҚазақстанУкраина

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz