«Дядя Ваня» телеграм-арнасы мәліметінше, Азия чемпионатында алынған допинг-сынамада тыйым салынған препараттың іздері табылған. Хоккейшінің өзі анаболикалық стероидтың ағзасына қалай түскенін білмейтінін мәлімдеді.
Сараптама нәтижесінде оның қанынан оралтуринабол анықталған. Бұл метандростенолонға ұқсас анаболикалық стероид.
27 жастағы шабуылшы биылғы маусымда Қазақстан чемпионатының тұрақты біріншілігінде 22 матч өткізіп, 18 (3+15) ұпай жинаған.
Бұл – Қазақстан хоккейіндегі екінші допинг дауы. 2013 жылы ұлттық құраманың тағы бір шабуылшысы Илья Соларев сальбутамол препараты үшін екі жылға шеттетілген болатын.