Мәлімет бойынша, 1 сәуір күні сағат 15:00-ден бастап ата-аналар өз баласын мектепке қабылдау үшін қажетті құжаттарды eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы тапсыра алады.
Бұл жаңалық ата-аналардың уақытын үнемдеп, қабылдау процесін ыңғайлы әрі ашық етеді. Енді мектепке бармай-ақ, барлық қажетті құжаттарды онлайн түрде рәсімдеуге мүмкіндік бар.