Вице-министр нақты сандарды атаған жоқ: оның айтуынша, әр табиғи монополия субъектісінде бұл көрсеткіштер әртүрлі.
«Инфляциялық себетте бірнеше жүздеген өнім бар, сәйкесінше, әр элементтің ықпалы минималды. Әрине, теміржол тарифтері, жанар-жағармай бойынша кез келген шешім қабылдамас бұрын, барлық осы әсерлер есептеледі. Егер әсері (инфляцияның – еск.) белгілі бір шектен жоғары болатынын көретін болсақ, әрине, тарифтердің өсуін шектейміз», – деп толықтырды Қасенов.