Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда қандай азық-түлік тауарлары арзандады?

Ұлттық статистика бюросының 2025 жылғы 15 сәуірдегі деректеріне сәйкес, елімізде жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жалпы алғанда тұрақты деңгейде сақталып отыр. Бұл жағдай – мемлекеттің бағаны бақылау және реттеу бағытында жүргізіп отырған жүйелі жұмысының нәтижесі, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.04.2025
Жаңалықтар

Биылғы жылдың басынан бері әлеуметтік маңызы бар кейбір азық-түлік тауарларында бағаның төмендеуі тіркелді. Солардың қатарында халықтың күнделікті тұтынуында маңызды орын алатын жұмыртқа бағасы 3,0%-ға арзандағаны байқалды. Мұндай оң динамика үкімет пен бизнес қауымдастығының тығыз ынтымақтастығының нақты нәтижесі.

2025 жылдың ақпан айында Сауда және интеграция министрлігі, сауда ұйымдары және салалық қауымдастықтар өзара меморандумға қол қойып, С1 санатындағы жұмыртқаның бір данасына ҚҚС есебімен 55 теңгеден аспауынбекітті. Сонымен қатар, шекті сауда үстемесін сақтау мен қосымша үстемақыларды алып тастау міндеттелді. Бұл шаралар нәтижесінде сәуір айындағы жұмыртқа бағасының индексі тұрақты деңгейде қалды, ал 8–15 сәуір аралығында бағасы мүлде өзгермеген.
 Мысалы:

  • Қаңтарда — 10 жұмыртқаға 548 ₸

  • Ақпанда — 546 ₸

  • Наурызда — 536 ₸

  • Сәуірде — 531 ₸

 Бағасы төмендеген өзге өнімдер:

  • Күріш – 4,7%

  • Ұн – 1,8%

  • Қарақұмық жармасы – 0,3%

 Сүзбе,  күнбағыс майы және рожки сынды негізгі өнімдер бағасының тұрақтылығы байқалып отыр. Соңғы аптада бұл тауарлардың индексі өзгеріссіз қалды немесе 0,1%-дан аспайтын ауытқулар тіркелді.

 Сонымен қатар, көкөністер тобы бойынша бағаның маусымдық өсімі байқалады:

  • Қырыққабат – +3,5%

  • Сәбіз – +1,6%

  • Пияз – +1,8%

  • Картоп – +1,7%

Бұл өсім, әдеттегідей, маусымаралық кезеңде сақтау мен жеткізу шығындарының артуымен байланысты.

Фото: istockphoto

Тегтер: азық-түлікбаға

Соңғы жаңалықтар

Бруцеллёз – профилактика и защита здоровья: какие профилактические меры проводят в Алматинской области

Николай Иващенко
11.03.2026

Молодежь активно поддерживает проект новой Конституции страны

Николай Иващенко
11.03.2026

437,9 тыс. га засеют сельхозкультурами в Алматинской области

Николай Иващенко
11.03.2026

Мужчина ударил ногой в живот соседке по даче в Алматинской области

Николай Иващенко
11.03.2026

Снегопад, метель и гололед: жителей Алматинской области предупредили о непогоде

Николай Иващенко
11.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz