Жұмыс тобы бұл норманы мақұлдап, алдағы апталарда заңды екінші оқылымға шығаруды жоспарлап отыр.
Қандай жаза қарастырылған?
Айыппұл салу
Қатаң жаза кейін қарастырылуы мүмкін
Құжат әлі толық бекітілмегендіктен, айыппұл мөлшері пленарлық отырыста нақтыланады. Депутаттың айтуынша, бұл норманың негізгі мақсаты жаппай жазалау емес, құқықбұзушылықтың алдын алу.
Сталкинг деген не?
Бұл – адамның жеке өміріне заңсыз араласу, оған мыналар жатады:
Аңду және бақылау
Қажетсіз қоңыраулар мен хабарламалар жіберу
Жәбірленушінің маңында жиі көріну
Қорқыту, бопсалау немесе психологиялық қысым жасау
Неге қатаң жаза қарастырылмаған?
Депутат жаңа нормаларды енгізуде сақтық қажет екенін атап өтті. Егер құқық қолдану тәжірибесі қатаң жаза қажеттігін көрсетсе, бұл мәселе қайта қаралуы мүмкін.