Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда такси жүргізушілеріне қандай шектеулер енгізіледі?

Көлік министрі Марат Қарабаев жұмыс және жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзған такси жүргізушілері қалай бақылауға алынатынын айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Министрден такси жүргізушісінің жылдамдықты бұзғанын қалай анықтауға болады немесе қызметтен шеттетілгеніне қарамастан көлігін әйелінің атына тіркеп, қайта қызметке шығатындар қалай анықталмақ деген сұрақ қойылды.

Марат Қарабаевтың айтуынша, Қазақстанда 10 такси агрегаторы тіркелген, бірақ тек Indriver мен Яндекс ірі болып саналады. Көлік министрлігі олармен меморандумға қол қойған.

«Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы меморандум аясында адам рульге отырмас бұрын ұйқы режимін сақтауы керек, яғни 8 сағат жұмыс істеді, содан кейін 8 сағат жұмыс істемейді, мысал ретінде айтып тұрмын. Сондай-ақ, ол медициналық тексеруден өтуі керек. Бұл мәселелер қазір дамып келеді, «Индрайвер» және «Яндекс» оларды бақыламайды. Біздің меморандумда агрегаторлар тарапынан міндетті норма-бақылау болатын тетіктер қарастырылған», — деді Марат Қарабаев.

Сонымен қатар, агрегаторлар жаңа функцияға ие болады — автокөлік жылдамдығын реттеу.

«Басқа адам арқылы тіркелу туралы: бұл жүйеге кірмес бұрын жүргізуші фейсбақылаудан өтуі керек. Яғни, фотосурет қойылады, бұл азаматтың кім екенін анық түсінеміз. «Индрайверде» де, «Яндексте» де жылдамдықты бақылайтын қосымша функция болады. Ал оны бұзғандар, егер үш рет немесе одан да көп бұзған болса, олар енді бұл операторларға тіркеле алмайтындай қосымша тетік енгізгіміз келеді», — деді министрлік басшысы.

Бұл ретте жүргізушілер ұйқы кестесін ұстануға мәжбүр болады: қажетті 8 сағат ұйықтамай ауысымға шықпау. Министр тиісті ведомство тек жолаушылардың ғана емес, көлік жүргізушілерінің де мүддесін ескеруі қажет екенін қадап айтты.

Тегтер: такси

Соңғы жаңалықтар

Демографиялық өсім: Алматы облысында халық саны көбейді

Қорлан Нұрланқызы
01.04.2026

Сәуірде ауа райы тұрақсыз болады — синоптиктер

Қорлан Нұрланқызы
01.04.2026

Қонаевта жағажайлар жаңарып, қауіпсіздік күшейтіледі

Қорлан Нұрланқызы
01.04.2026

Алматы облысында құтыру бойынша жағдай қандай: дәрігерлер мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
01.04.2026

1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді?

Қорлан Нұрланқызы
01.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz