23 мамырға өтініш берген талапкерлер ҰБТ-ны 25 мамырда, ал 24 мамырға тіркелген түлектер тестті 1 маусымда тапсырады.
Бұл ақпарат талапкердің жеке кабинетінде автоматты түрде жаңартылады.
Еске салайық, соңғы қоңырау күні ауыстырылды. Биыл оқу жылының ресми аяқталу күні жексенбіге сәйкес келетіндіктен, 11-сынып түлектеріне арналған салтанатты іс-шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23 немесе 24 мамырда өтеді.