Жоба аясында Астана су қоймасын толықтыру, 4 жаңа су қоймасын салу, жұмыс істеп тұрған 4 су қоймасын реконструкциялау, сондай-ақ 115 суару арнасын қайта жаңарту мен күрделі жөндеу жоспарланып отыр.
Ауқымды жұмыстар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстары мен Астана қаласында жүргізілетін болады. Қазіргі таңда барлық қажетті жобалық құжаттар әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдармен келісу процесі жүріп жатыр.
Сала басшысы Нұржан Нұржігітовтың айтуынша, қысқа мерзім ішінде Үйлестіру кеңесінің аясында ауқымды жұмыс атқарылған.
«Ислам даму банкінің инвестициялары еліміздің су инфрақұрылымын жаңартуға елеулі үлес қосады. Сонымен қатар, біз су саласын дамыту жобаларына жаңа серіктестер тарту үшін БҰҰ Даму бағдарламасымен ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттіміз», – деді министр.
Бұл бастама елдегі су ресурстарын тиімді басқаруға, ауыл шаруашылығы мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болмақ.
Фото: ашық дереккөзден