Бағдарлама арқылы өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салалары қызметкерлері баспана ала алады.
Өтініштер 2025 жылғы 17 наурызда қабылдады. «Наурыз жұмыскер» қазірдің өзінде белгілі «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасының бір бөлігі болмақ.
Бағдарлама талаптары бойынша азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін 7 пайыз (ЖТСМ 7,1 пайыз-ан 9,6 пайызға дейін) және қалған барлық санат үшін 9 пайыздық (ЖТСМ 9,4 пайыздан 13 пайызға дейін) мөлшерлемемен несие беріледі. Бастапқы жарна – таза әрлеудегі бастапқы тұрғын үйді сатып алу үшін 10 пайыздан, әрленбеген бастапқы тұрғын үйді және қайталама нарықтағы тұрғын үйді сатып алу үшін 20 пайыздан басталады.
Несиенің ең жоғары сомасы облыстар үшін 30 миллион теңге, Астана мен Алматы үшін 36 миллион теңге болады.
Сондай-ақ «Наурыз жұмыскер» бағдарламасымен қатар Отбасы банкі отандық кәсіпорындармен «корпоративтік» өнім шеңберінде жұмыс істейді, бұл кәсіпорындардың өз қызметкерлеріне несие беру үшін қаражат бөлуін білдіреді.