-6 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Ақпан 1, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Қазақстанда жеке кәсіп бір жылда 26% өскен

Биыл 1 қарашадағы жағдай бойынша елімізде 1,5 миллион жеке кәсіпкер тіркелген. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 20,4% артық, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Назым Текеспаева
05.12.2022
Жаңалық
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Олардың 92,2% жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер: 1,4 млн субъект, жылдық өсім 25,6%. Бұл – кейінгі жылдардағы ең жоғары көрсеткіш.

Жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлердің басым бөлігі Алматыда: 184,3 мың субъект, бір жыл бұрынғыдан 53,8% артық. Үздік үштікке Түркістан облысы (163,7 мың субъект, плюс 21,9%) және Астана (130,6 мың субъект, плюс 27,5%) қалалары да кірді.

Ең аз жеке кәсіпкерлер Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында тіркелді.

«Жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлердің үштен бірінен астамы сауда және автокөлік жөндеу саласында жұмыс істеді: 505,3 мың (жылына +40,6%). Жеке кәсіпкерлерді жұмыспен қамтудың негізгі үштігіне ауыл, орман және балық шаруашылығы (245,2 мың, +0,9%) және жылжымайтын мүлікпен операциялар (72,5 мың, +11,6%) кірді», – деп жазды ranking.kz.

Мемлекеттік басқару, қорғаныс және міндетті әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы жеке кәсіпкерлердің саны айтарлықтай өсті (2,6 есе, бірақ 98 жеке кәсіпкерге ғана). Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған субъектілер санының көп болуына байланысты өңдеу өнеркәсібінде (77,4%-ға , 64,8 мыңға дейін) және білім беруде (49,7%-ға, 20,8 мыңға дейін) ілгерілеу бар.

Қазақстан бизнесті тексеруге мораторийді 2023 жылдың соңына дейін ұзартты. Бұл туралы 23 қарашадағы Мәжіліс алаңында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.

Тегтер: Қазақстан

Ұсынымдар

Түрмеге нанның арасына телефон жасырып өткізбек болған әйелдің әрекеті әшкере болды

01.02.2023

Алматы облысында «Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай кеңес өтті

01.02.2023

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды қабылдады

01.02.2023
Фото: Аслан Қажеке

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында Нидерланды технологиясы енгізілмекші

01.02.2023

Алматы облысында апатты жағдайдағы су қоймалары жоқ – ТЖД

01.02.2023

«Subaru» автокөлігі Қапшағайда мұз астына түсіп кетті

01.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz