Бұл туралы аталған банктердің клиенттерді қолдау қызметі РБК-ға хабарлады.
Сонымен қатар Freedom Bank және «ЦентрКредит» банкі резидент еместерге карта ашу ережелері өзгергенін растады, бірақ карталарды шығаруды тоқтатпағанын мәлімдеді.
Home Credit Bank резидент еместерге дебеттік карталар рәсімдеуді белгісіз мерзімге тоқтатты. Kaspi банкі резидент еместерге карталарды 19 қаңтар мен 3 ақпан аралығында шығаруды уақытша тоқтатып, бұл мерзім өткеннен кейін резидент еместерге бір жылға жарамды карталар шығаратынын хабарлады. Сонымен қатар 2023 жылдың 19 қаңтарына дейін шығарылған барлық карта жарамдылық мерзімі біткенше жұмыс істей береді деп көрсетілген.
Қазақстан Ресей азаматтары үшін 2022 жылы Украинадағы соғыс басталғаннан кейін және Visa мен Mastercard төлем жүйелері Ресейден кеткен соң, карточкалық туризмнің негізгі бағыттарының біріне айналды. Қазақстан Ұлттық банкі 2022 жылдың маусым-шілде айларында шығарылған жаңа карталар санының жыл бойындағы жалпы көлемінің 50,7%-ын құрағанын хабарлады. Бұл ресейлік азаматтар тарапынан сұранысқа байланысты болуы мүмкін. 2022 жылдан 2024 жылға дейін Қазақстанда 695 мыңға жуық ресейлік жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алған, бұл жергілікті банктерден карта ашу үшін қажет құжат.