Денсаулық сақтау министрлігі елдегі сібір жарасының жағдайына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды alataunews.kz.
Министрлік мәліметінше, 2024 жылдың басынан бері республика бойынша сібір жарасының 12 расталған жағдайы тіркелген. Оның ішінде Жамбыл облысында – 1 жағдай, Алматы облысында – 1 жағдай (Алматы облысының тұрғыны), және Алматы облысында 10 жағдай тіркелген.
Сондай-ақ, биыл сібір жарасынан өлім жағдайлары тіркелмеген. Ал 2023 жылы республикада 37 жағдай анықталып, оның біреуі өліммен аяқталған.
Сібір жарасы – адам мен жануарларға қауіпті өткір жұқпалы ауру. Оның негізгі таралу көзі – үй жануарлары (ірі қара, қой, ешкі, түйе, шошқа, жылқы). Ауру адамнан адамға сирек жұғады, көбіне тері, тыныс алу немесе асқазан-ішек жолдары арқылы таралады.