8 °c
Qonaev
Бейсенбі, Қараша 30, 2023
  • Login
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Арнайы жоба
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Арнайы жоба
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Қазақстандық аграршылар Үкіметтен араша сұрады

Ресейлік бәсекелестерінің кесірінен олар дәрменсіз жағдайға жетуі мүмкін екен. Қазақстандық шаруалар қазірдің өзінде жарты триллиондай теңге шығынға батқан көрінеді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

alataunews.kz
26.07.2022
Аймақ, Жаңалық
0
Қазақстандық аграршылар Үкіметтен араша сұрады
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Санкциялар салдарынан РФ порттары қаңтарылып, солтүстік көрші ебін тауып енді өз астығын жаһандық нарыққа Қазақстан арқылы таси бастаған. Сарапшылардың айтуынша, ресейдің астық арзанын әлемдік нарыққа кейбір пысықай  экспорттаушылар Қазақстанның астығы есебінде сатуға көшіпті.

Соның салдарынан нағыз қазақ астығы сұраныстан қағылып, тасымалдан қалыс қала бастаған. Бұл орайда алыпсатарлардың дәурені жүріп тұр. Олар көршіден арзан астық алып бір ұтса, оны экспортқа шығарып, қосылған құн салығы және экспортты мемлекеттік қолдау түрінде бюджеттен миллиардтаған қаражат алып, тағы ұтады. Осылайша олар қазақстандық шаруаларға да, елдің қазынасына да орасан зиян келтіріп отыр.

Сондықтан Қазақстанның астық одағы, Қазақстанның астық өңдеушілер одағы, Қазақстанның май-тоңмай одағы сияқты бірқатар салалық қауымдастықтар Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа хат жазды. Олар астық, бидайды, жүгеріні, арпаны, сондай-ақ ұн мен күнбағыс пістесін Ресейден Қазақстанға автомобиль көлігімен әкелуге тыйым салуды сұрады.

Себебі, реэкспорт дәл осы жолмен жүреді. Ал теміржол көлігімен негізінен ресейлік нағыз транзит жүзеге асырылады.

Шағымданушылар бұл тосқауылды тезірек қоюды өтінді. Ең кеш дегенде биылғы 1 қыркүйекке дейін енгізіп үлгеруге тиіс, әйтпесе Қазақстанда жаңа астық жаппай орыла бастағанда, проблема өршуі мүмкін.

Шаруалар бұл тиым аса қажет дейді. Өйткені Ресейден астықты және басқа ауыл шаруашылығы дақылдарын жаппай тасу белең алған. Жасырын жолмен келген тіркемелері бар ірі жүк көліктері жалпы көлемі бірнеше миллион тоннаға жететін РФ астығын елге әкеліп, нарықтан отандық астықшыларды ығыстырып жатқан көрінеді. Себебі, олардан айырмашылығы сол, қазақстандық егіншілер қосылған құн салығын төлейді. Бұл астықтың өзіндік құнын қымбаттатады.

Қынжылтатыны сол, Ресейден арзан астықтың ағылуы қазақстандық дүкен сөрелерінде ұн мен нанның арзандауына ықпал етпеген. Өйткені ол астық негізінен артынша шетелге шығарылатын көрінеді. Салдарынан, қазақстандық астықтың экспорттық бағасын құлдыратты.

«Автомобиль көлігімен жүзеге асырылып жатқан ресейлік заңсыз астық импорты, сондай-ақ оның Қазақстан атынан экспортқа шығарылуы экспорттық бағалардың негізсіз төмендеуіне әкелді. Салдарынан адал кәсіпкерлеріміз кем дегенде 202 миллиард теңге немесе 400 миллион доллар шығынға батты. Осыған байланысты елдің бюджеті де қомақты салықтан айырылды», – делінген Премьерге жолданған хатта.

Ресейден бидай контрабандасының көлемі 1,2 млн тоннаға бағаланды. Ал басқа ауыл шаруашылығы дақылдарының контрабандасы 2 млн тонна немесе 300 миллиард теңге болды деп шамаланды.

Дегенмен, ұсақ және орта трейдерлердің пікірі өзгеше: олар Ресейдің арзан астығы ұн тартушыларға жақсы дегенді айтады. Соның арқасында әлеуметтік өнім өндіруге болады. Ал қазақстандық астықшылар өз өнімін тым қымбатқа ұсынады.

Қалай болғанда, қазақстандық экспорттық астық жылдам қарқынмен арзандап барады. Мысалы, Eldala порталының дерегінше, Еуразиялық сауда жүйесі (ETS) биржасында отандық 3 сұрыпты бидай экспорттаушылар 10 мың тонна астығын 3 рет саудаға шығарса да, өткізе алмады. Өйткені нарық ойыншылары оның тағы да арзандайтынын күтіп отыр. Лоттың құны алдымен әр тоннасы үшін 168 мың теңге тұрды, содан соң 166-ға төмендеді. Алайда сатып алушылар 158 мың теңгеден артық төлегісі келмеген. Салыстыру үшін айтсақ, биылғы 8 шілдеде ғана дәл осы отандық ETS биржасында 3 сыныптағы бидайдың әр тоннасы 170 мың теңгеден сатылған.

Сарапшылар егер рубль бағамы 6 теңгеге дейін төмендесе, қазақстандық бидай құны 100–110 мың теңгеге дейін құлдырауы ықтимал деп отыр. Ал егер 1 рубль = 9 теңге бағамы жыл соңына қарай сақталса, онда қазақстандық жаңа астықтық әр тоннасының құны 120–140 мың теңге тұруы мүмкін.

Себебі, Ресей астығының 1 тоннасы 14 мың рублге сатылады, бұл қазіргі бағамда 120 мың теңгеге тең.

Өзі астық егетін Қазақстан 2021 жылы Ресейден 3,5 миллион тоннаға дейін астық сатып алды.

Тегтер: ҚазақстанРесейүкімет
Previous Post

Алматы облысында 8 медициналық нысан салынып жатыр

Next Post

44,6 млн теңге: СҚО әкімдігі мониторинг жүргізбек

alataunews.kz

Next Post
44,6 млн теңге: СҚО әкімдігі мониторинг жүргізбек

44,6 млн теңге: СҚО әкімдігі мониторинг жүргізбек

Stay Connected test

  • 86.1k Followers
  • 23.9k Followers
  • 99 Subscribers
  • Trending
  • Comments
  • Latest
Алматы облысында қант бағасы 317 теңге – «Жетісу» ӘКК

Алматы облысында қант бағасы 317 теңге – «Жетісу» ӘКК

0
Подарки первым голосующим: как проходит голосование в городе Талдыкоргане?

#LIVE: Талдықорғанда дауыс беру науқаны қалай жүріп жатыр?

0
Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев референдумға қатысты

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев референдумға қатысты

0
Әли Демегенұлы: Референдум халықтың сұранысымен жасалып жатыр

Әли Демегенұлы: Референдум халықтың сұранысымен жасалып жатыр

0
Хостелдегі өрт: қайтыс болғандардың аты-жөні белгілі болды

Хостелдегі өрт: қайтыс болғандардың аты-жөні белгілі болды

30.11.2023
Алматыдағы өрт: Үкіметтік комиссия құрылды

Алматыдағы өрт: Үкіметтік комиссия құрылды

30.11.2023
Алматы облысында полицейлер көшеде тексерген азаматтан қару табылды

Алматы облысында полицейлер көшеде тексерген азаматтан қару табылды

30.11.2023
Алматыдағы өрт: хостелде негізінен шетелдіктер тұрған

Алматыдағы өрт: хостелде негізінен шетелдіктер тұрған

30.11.2023

Recent News

Хостелдегі өрт: қайтыс болғандардың аты-жөні белгілі болды

Хостелдегі өрт: қайтыс болғандардың аты-жөні белгілі болды

30.11.2023
Алматыдағы өрт: Үкіметтік комиссия құрылды

Алматыдағы өрт: Үкіметтік комиссия құрылды

30.11.2023
Алматы облысында полицейлер көшеде тексерген азаматтан қару табылды

Алматы облысында полицейлер көшеде тексерген азаматтан қару табылды

30.11.2023
Алматыдағы өрт: хостелде негізінен шетелдіктер тұрған

Алматыдағы өрт: хостелде негізінен шетелдіктер тұрған

30.11.2023
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews

We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

Follow Us

Browse by Category

  • Apps
  • Business
  • Entertainment
  • Fashion
  • Food
  • Gadget
  • Gaming
  • Health
  • Lifestyle
  • Mobile
  • Movie
  • Music
  • News
  • Politics
  • Review
  • Science
  • Sports
  • Startup
  • Tech
  • Travel
  • World
  • Аймақ
  • Алматы қаласы
  • Алматы облысы
  • Арнайы жоба
  • Астана қаласы
  • Әлем
  • Без рубрики
  • Бейнеролик
  • Жаңалық
  • Қоғам
  • Қостанай облысы
  • Мақала
  • Мультимедиа
  • Павлодар облысы
  • Сайлау-2023
  • Саясат
  • Сұхбат

Recent News

Хостелдегі өрт: қайтыс болғандардың аты-жөні белгілі болды

Хостелдегі өрт: қайтыс болғандардың аты-жөні белгілі болды

30.11.2023
Алматыдағы өрт: Үкіметтік комиссия құрылды

Алматыдағы өрт: Үкіметтік комиссия құрылды

30.11.2023

© 2023 JNews - Premium WordPress news & magazine theme by Jegtheme.

No Result
View All Result

© 2023 JNews - Premium WordPress news & magazine theme by Jegtheme.

Welcome Back!

Sign In with Facebook
Sign In with Google
Sign In with Linked In
OR

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In