ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жарысқа қатысқандар бес күн бойы тактикалық, штурмдық, құтқару операциялары, кепілдегі адамдарды босату және кедергілер жолағын еңсеру бойынша өз шеберліктерін көрсетті.
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Сұңқар» арнайы жасағы барлық кезеңде жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте күміс жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар Қазақстанның өзге де арнайы жасақ бөлімшелері үздік ондыққа кірді. Олардың қатарында ҚР ҰҚК «Арыстан» және SSN Aktau, МКҚ-ның «Сардар» арнайы жасағы, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан құрамасы бар», – делінген ақпаратта.