Ведомство мәліметінше, бұл блогерлер өз бетінше декларация тапсырып, бюджетке 70,6 миллион теңге көлемінде салық төлеген.
«8 блогер 1 165,1 миллион теңге сомасындағы кірісін өз бетінше декларациялады және 70,6 миллион теңге сомасында салық төледі», — делінген хабарламада.
Алайда олардың ішінде қандай блогерлер бар екені және кірістері қалай декларацияланғаны нақтыланбаған.