Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өзінің Telegram-аккаунтында жариялады.
«Үшінші жыл қатарынан біздің оқушылар керемет нәтижелер көрсетуде. Бас Химия олимпиадасы – Халықаралық химия олимпиадасының (IChO) жабылу салтанаты енді ғана аяқталды. Қазақстан осымен үшінші жыл қатарынан алтынға ие болды. Бұл жолы тіпті екеу!», — деп жазды ол.