16 қарашада әйгілі хакерлер форумында 487 миллион ұялы нөмірі бар мессенджер пайдаланушыларының дерекқорын сату туралы хабарландыру пайда болды. Деректер жиынтығында 84 елдің WhatsApp пайдаланушыларының деректері бар.
Телефон нөмірлерінің біршамасы Египет (45 миллион), Италия (35 миллион), Сауд Арабиясы (29 миллион), Франция (20 миллион) және Түркия (20 миллион) азаматтарына тиесілі. Тізімде қазақстандық пайдаланушылар да бар-олардың саны 3 миллион 214 мың 990.
Cybernews сұранысы бойынша дерекқор сатушысы 1097 Британдық және 817 американдық пайдаланушы нөмірлерінің үлгісімен бөлісті. Басылым олардың барлығы WhatsApp қолданушылары екенін растап отыр.
Сатушы дерекқорды қалай алғанын айтпаған. Деректерді жинаудың «стратегиясын қолданғанын» атап өтіп және барлық нөмірлер WhatsApp-ты белсенді пайдаланушыларға тиесілі деп сендірді.
Cybernews осыған мәселеге қатысты Meta компаниясына хабарласқанымен, жауап алмапты.