-1 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Қазақстандықтар жеңілдетілген ипотека алу үшін ажырасып жатыр – Ләззат Ибрагимова

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова толық емес отбасы санаты бойынша жеңілдетілген ипотекалық несие алу Қазақстандағы жалған ажырасулардың себептерінің бірі болып бара жатқанын айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

Мади САЙДИЛЬДИН
03.10.2022
Жаңалық
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Басқарма төрайымының айтуынша, банк несие беру бойынша үш жылдық кезеңнің қорытындысына талдау жүргізген. Сараптамаға сәйкес толық емес отбасылар санаты соңғы төрт жылда өте жылдам қарқынмен өскен.

«2017 жылы Қазақстанда 54 626 ажырасу тіркелді. 2018 жылы олардың саны 54 797-ге дейін жетті. 2019 жылы ол бес мыңға артып, қазірдің өзінде 59 796 болып отыр. Ажырасу туралы арыз берудің қиындағанына байланысты коронавирус кезеңінде көрсеткіштің 48 мыңдай болғанын көруге болады.  2021 жылы қайтадан өсу байқалып, олардың саны 48 239 жеткен. Біздің ойымызша, жалған ажырасудың бір себебі – адамдардың пәтер алу үшін ипотекалық несиеге кезекке тұрғысы келетіндігі. Өйткені толық емес отбасы бағыты бойынша қажетті құжатқа ажырасу туралы анықтама жеткілікті», –  деді Ибрагимова.

Ол 23 қыркүйекте үкімет қаулысы аясында толық емес отбасыларға «Шаңырақ – 5-10-20» бағдарламасы бойынша несие беру ұсынысының қолдау тапқанын айтты.

«Балаларының дені сау, өздері жұмыс істейтін адамдар «Шаңырақ – 5-10-20» бағдарламасы бойынша кезекке тұрады. Айырмашылық тек сыйақы мөлшерлемесі бойынша. Бірақ деңгейге байланысты әрбір отбасына 30 мың теңгеден келеді», – деді Отбасы банкі басшысы.

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz