-6 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Ақпан 1, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Қонаевта жантүршігерлік ойын ойнаған балалар оқитын мектепке қызметтік талдау жүргізіледі

Мектеп басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мұны Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел Alataunews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Ақерке Жұмағазықызы
14.10.2022
Жаңалық
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

10 қазан күні Қонаев қаласындағы №5 мектептің оқушылары TikTok-тегі челленджді қайталаймыз деп сыныптастарын тұншықтырып өлтіре жаздаған.

«Әлеуметтік желінің арбауына түскен жеткіншектер түрлі келеңсіз жайтты көріп, тез еліктеп, соны қайталағысы келеді. Қазір «Тик ток» желісінің атағы жер жарып тұр. Ең болмағанда, ата-аналар осы қосымшаға кіріп, ұсынылған видеоларды бір ақтарып шықса, баласының не көріп жүргенін білер еді», – деді Ғалымұрат Жүкел.

Оқиғадан кейін төрт тісі түсіп қалған жасөспірім алғашында табалдырыққа құладым деген. Кейіннен ата-аналардың, мектеп әкімшілігінің, жауапты басқа да мамандардың алдында  ол шынын айтты. Ұлын буындырған балалардың ата-анасының үстінен арыз жазылған. Бірақ жәбірленушінің анасы кейін оны қайтарып алған.

Ата-аналар бұл жағдайға мектеп әкімшілігі жауап беруі тиіс дегенді айтады. Ал балалар әлгі челенджді бейнебақылау жоқ жерде жасағаны белгілі болды.

«Бұл біздің қателігіміз, өйткені бұл мектеп аумағында болды, біз жауаптымыз. Біз оқушылармен әңгімелесіп, олардың әлеуметтік желідегі трендті қайталауға тырысқанын білдік. Сыныптасын буындырған балалардың ата-аналары зардап шеккен отбасыға материалдық көмек көрсетуге дайын», – деді №5 мектеп директорының м.а. Мақпал Байжанова.

Полиция бұл істің бақылауда екенін хабарлады.

«Бақылау жасамағандықтан №5 мектептің директорының м.а. және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жәбірленуші мен оның сыныптастары мектепішілік есепке алынды», – деді Қонаев қалалық ювеналды полицияның аға инспекторы Гүлмира Турлина.

Қонаев қалалық ауруханасының баспасөз хатшысы Айна Мұқанова, бұл жастағы оқушыларда өтпелі кезең болғандықтан ата-аналар аса мұқият болу керек дейді.

«Алғашқы секундтарда күретамыры, өкпе тұсы қысылған адамдар ерекше жеңілдік сезініп, бойында эйфория пайда болады. Ал 2-3 минуттан соң өліп кетуі мүмкін. Әлемде осы ойын пайда болғалы бері өз бетінше арқанға, белдікке буынып қайтыс болғандар баршылық», – дейді ол.

Мектеп мұғалімдерінің айтуынша, зардап шеккен баланың жағдайы қазір тұрақты. Ол Алматыда емделіп жатыр.

Ұсынымдар

Алматы облысында апатты жағдайдағы су қоймалары жоқ – ТЖД

01.02.2023

Жетісу облысында сыртқы жарнама үшін негізсіз салық есептелген – Антикор

01.02.2023

Алматы облысы Жібек жолы ауылындағы ағаштардың заңсыз кесілуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

01.02.2023

Алматы облысында селден қорғайтын 26 нысан жұмыс істеп тұр

01.02.2023

Жетісу облысында көлік аударылып, салдарынан жүргізуші қаза тапты

01.02.2023
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қонаевта есірткі синдикатының ұйымдастырушылары ұсталды

01.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz