«11 шілде сағат 14:35-те Қостанай облысының Тобыл – Құсмұрын учаскесіндегі “Притобольская” станциясының темір жол өткелінде жол-көлік оқиғасы болды. Куәгерлердің айтуынша, «Жигули» маркалы жеңіл көлік жүргізушісі тоқтап тұрған көліктерді айналып өтіп, темір жолға шыққан. Бұл кезде жүк пойызы келе жатқан. Оқиға орнында полиция жұмыс жасап жатыр. Апаттан зардап шеккендер бар. Пойыз сағатына 57 км жылдамдықпен келе жатқан. Өткелдегі белгі беру құрылғысы жұмыс істейді», – делінген баспасөз мәлімдемесінде.
Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын тексеру үшін комиссия құрылған.