«Заң әлі күшіне енген жоқ. Егер ол қабылданса, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асады. Қазақстандықтар үшін оның нақты әсері тек 2026 жылдың наурызында, төлем мерзімі келгенде байқалады. Біз бизнеске барынша қолайлы жағдай жасауға тырысамыз, сондықтан қорытынды жасауға әлі ерте», – деді Жұманғарин.
Жаңа түзетулерге сәйкес, қосылған құн салығының мөлшері 16 пайыз болады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер бұл салықтан толықтай босатылады. Сонымен қатар, денсаулық сақтау, IT, туризм, креативті индустрия және азық-түлік өндірісі үшін 10 пайыздық жеңілдетілген мөлшерлеме қарастырылған.