Баку қаласынан Грозныйға бағыт алған Azerbaijan Airlines ұшағы 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам болған. 38 адам қаза тапты. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ресейден «кінәні мойындауды, кінәлілерді жауапқа тартуды және қаза тапқандар мен зардап шеккендерге өтемақы төлеуді» талап етті.
Желтоқсан айының соңында Қазақстан апатқа ұшыраған ұшақтың «қара жәшіктерін» Бразилияға жіберген. Қаңтар айының басында Авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы (CENIPA) жазбаларды қайта шифрлеуді аяқтады. Қаңтар айының ортасында борттық жазба құрылғылардың деректері Бразилиядан Қазақстанға жеткізілді.