Ақорда таратқан ресми ақпаратқа сәйкес, бұл марапат мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі үшін беріліп отыр. Президент Жарлығы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
«Отан» ордені — Қазақстан Республикасының дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтарға берілетін ерекше мемлекеттік награда. Қуаныш Сұлтановтың ел мүддесі жолындағы ұзақ жылдарғы қажырлы қызметі мен азаматтық ұстанымы осылайша жоғары бағаланды.