Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қырғызстанда президенттің жиені ұсталды

Бішкекте елдің қазіргі президенті Садыр Жапаровтың жиені Ұлан Жапаров ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

07.07.2023
Жаңалықтар

Бішкектің Бірінші Май аудандық сотының мәліметінше, ер адам 26 шілдеге дейін тергеу изоляторына қамалды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Ұлан Жапаров сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталған. Президенттің баспасөз хатшысы Ербол Сұлтанбаев бұл шынымен де мемлекет басшысының туысы екенін растады.

Президент әкімшілігіндегілер ұсталған азамат президенттің туысқан ағасы Рақымжан Жапаровтың ұлы екенін нақтылады. Ішкі істер министрлігі оны кедендегі сыбайлас жемқорлық схемаларына қатысты деген күдікпен ұстады.

«Бұл туралы хабардар болғаннан кейін президент күдіктілерге заңды шара қолдануды талап етті. Бұл жағдай сыбайлас жемқорлықпен күресте іріктеу жоқтығын тағы бір мәрте көрсетті. Туыстық және басқа да байланыстарына қарамастан кез-келген азамат қылмыс немесе құқықбұзушылық жасаған жағдайда заң шеңберінде жауапкершілікке тартылады. Егер іс сыбайлас жемқорлыққа қатысты болса, онда келтірілген зиянды өтеу міндетті», — деді Сұлтанбаев.

Тегтер: БішкекҚырғызстанСадыр Жапаров

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz