16 °c
Qonaev
Жұма, Қыркүйек 22, 2023
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

«Самұрық-Қазынаға» қарасты мекемелердің бірі 15 млрд теңгені «желге ұшырған»

Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының «немерелерінің» бірінде желдің көмегімен электр энергиясын өндіру бойынша объектіні салуға бағытталған 15 млрд теңгеден астам сомаға активтерді ысырап еткені анықтады.

TitleAgency
19.09.2023
Жаңалық
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«2020 жылы 100% үлесі «Самұрық-Энерго» АҚ-ға тиесілі «Eneymentau Wind Power» ЖШС тендер қорытындысы бойынша Ерейментау ауданында «Олимп Транс Сервис» ЖШС-мен жалпы сомасы 26,1 млрд теңгені құрайтын қуаты 50 МВт жел электр станциясын (ЖЭС) салуға шарт жасасты», – делінген Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің хабарламасында.

Шарт талаптарына сәйкес нысан 17 ай бұрын 2021 жылдың 4 маусымына дейін салынуы керек еді.

«Алайда 2020 жылы «Олимп Транс Сервис» ЖШС мердігері жұмыстарды бастаған жоқ, бұл ретте 10,5 млрд теңге сомасында аванстық төлемдер толық көлемде төленді. Мердігерге бұл мөлшердегі аванс жеткіліксіз болды, жел генераторларының 11 кешенін жеткізу үшін ол авансты арттыруды талап етті. «Ereymentau Wind Power» ЖШС медиацияны пайдалана отырып, заңды негізсіз аванс сомасын тағы 5,5 млрд теңгеге арттырды», – делінген хабарламада.

Бірақ бұл мердігерге шарт талаптарын орындауға көмектеспеген.

«Бүгінгі күні 15,4 млрд теңгеге жұмыстар орындалмады, жел генераторларының 11 кешенін жеткізу жүргізілген жоқ. «Ereymentau Wind Power» ЖШС Бақылау кеңесі мен бұрынғы басшылығының «адалдығы» 15,4 млрд теңге мөлшерінде төленген аванстың қамтамасыз етілмегендігіне және Мердігер шартты орындамаған жағдайда сақтандыру төлемін алу мүмкіндігінің жоғалуына әкеп соқты», – дейді комитет өкілдері.

Бұл ретте, қазіргі уақытта ақшаны қайтару бойынша ешқандай талап-арыз жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ.

Бүгінгі таңда аудит объектісінің атына анықталған бұзушылықтарды жою және осы заңбұзушылықтарға қатысы бар адамдардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жіберілді.

Тегтер: Самұрық-Қазына

Ұсынымдар

Алматы облысында жасөспірім бір топ оқушыны көлікпен қағып кеткен

22.09.2023

Алматы облысында шетелдіктер 10-ға жуық пәтерді тонаған

22.09.2023

Елімізде ерекше қорғалатын 2 табиғи аумақ ЮНЕСКО мұрасы тізіміне енді

22.09.2023

Астанада Алматы облысы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

22.09.2023

Бақытжан Сапиев Президент әкімшілігінің бөлім басшысы болды

22.09.2023

ШЫҰ-ға мүше елдердің делегаттары Алматы облысына жиналды

22.09.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz