QazNews24 паблигінің администраторы Темірлан Енсебекке ҚР ҚК-нің 174-бабы бойынша – әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, сословиелік немесе діни алауыздықты қоздыру фактісімен іс қозғалған.
Бүгін тергеу жүріп жатқан уақытта бұлтартпау шарасын анықтау бойынша сот отырысы өтті. Бұл үйқамаққа алу немесе кепілмен босату, сондай-ақ тергеу изоляторында ұстау шаралары болуы мүмкін еді. Пабликте жарияланған ақпаратқа сәйкес, бұлтартпау шарасы ретінде 2 ай қамауда ұстау белгіленген.
Айта кетейік, кеше, 17 қаңтарда QazNews24 паблигінің администраторының пәтерінде тінту жүргізілген болатын. Кейін Темірлан Енсебек ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.
Фото: qaznews24 инстаграм-парақшасы