-6 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Ақпан 1, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Сенат депутаттығына кандидаттардың 95,5% өзін-өзі ұсынған – ОСК

Келер жылы 14 қаңтарда өтетін ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына кандидаттардың дені өзін-өзі ұсынған.

Ғалия Мұхамбетқызы
25.12.2022
Жаңалық
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Сенат депутаттары сайлауына барлығы 106 үміткер ниет білдірді. Оның ішінде 66 кандидат талапқа сай келіп, ресми тіркеуден өтті. Бәсекелестік бойынша, орташа есеппен 1 орынға 3 адам таласады. Кандидаттардың саны жағынан Алматы және Жамбыл облысында басымдық байқалады. Сондай-ақ, Сенат депутаттығына кандидаттардың 95,5%-ы өзін-өзі ұсынғандар. Қалған үміткерлерді жергілікті мәслихат ұсынып отыр», – деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров комиссия отырысында.

Кандидат болып тіркелгендердің 43,9 %-ы мемлекеттік қызметшілер. Одан бөлек, қатардағы депутаттар, мемлекеттік мекемелер мен ұйым жұмысшылары, коммерциялық құрылым жұмысшылары бар. Сол сияқты, партиялар және үкіметтік емес ұйым өкілдері де тіркелгендер қатарында.

Сондай-ақ, ОСК төрағасы сайлауалды үгіт-насихат жұмысының басталғанын айтты.

«2022 жылғы 24 желтоқсанда сағат 18:00-ден бастап ресми тіркелген кандидаттар сайлауалды үгіт-насихат жұмысына кірісуіне рұқсат», – дейді ол.

Үгіт-насихат 13 қаңтарға дейін жалғасады.

Айта кетейік, кеше ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды.

ОСК ұсынған мәліметке сәйкес ел бойынша барлығы 66 кандидат тіркелді. Олардың орташа жасы – 51,8. Сенат депутаттығына үміткерлердің 69,7% – ер, 30,3% – әйел.

Өңірлер бойынша кандидаттар саны:

Астана қаласы – 3 кандидат

Алматы қаласы – 5 кандидат

Шымкент қаласы – 3 кандидат

Абай облысы – 4 кандидат

Ақмола облысы – 3 кандидат

Ақтөбе облысы – 3 кандидат

Алматы облысы – 3 кандидат

Атырау облысы – 5 кандидат

БҚО – 3 кандидат

Жамбыл облысы – 5 кандидат

Жетісу облысы – 3 кандидат

Қарағанды облысы – 3 кандидат

Қостанай облысы – 3 кандидат

Қызылорда облысы – 3 кандидат

Маңғыстау облысы – 3 кандидат

Павлодар облысы – 3 кандидат

СҚО – 3 кандидат

Түркістан облысы – 4 кандидат

Ұлытау облысы – 3 кандидат

ШҚО – 3 кандидат.

Тегтер: депутаткандидатОСКсенат

Ұсынымдар

Фото: Аслан Қажеке

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында Нидерланды технологиясы енгізілуі мүмкін

01.02.2023

Алматы облысында апатты жағдайдағы су қоймалары жоқ – ТЖД

01.02.2023

Жетісу облысында сыртқы жарнама үшін негізсіз салық есептелген – Антикор

01.02.2023

Алматы облысы Жібек жолы ауылындағы ағаштардың заңсыз кесілуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

01.02.2023

Алматы облысында селден қорғайтын 26 нысан жұмыс істеп тұр

01.02.2023

Жетісу облысында көлік аударылып, салдарынан жүргізуші қаза тапты

01.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz