Күн сайын Шанхайдағы денсаулық сақтау мекемелеріне COVID-19 белгілері бар мыңдаған науқас шұғыл түрде түсіп жатыр, деп хабарлайды Alataunews.kz Еuronews.com-ға сілтеме жасап.
ҚХР-ның мемлекеттік БАҚ-ы 25 миллион халқы бар мегаполис халқының 70% вирус жұқтырған болуы мүмкін деп хабарлап отыр.
Билік қатаң санитарлық шектеулерді алып тастағаннан кейін бір айдан кейін Қытай бұрын-соңды болмаған ауру толқынына тап болды. Соңғы күндері Қытайдан келген жолаушыларға оннан астам ел COVID-19 сынағын енгізді.